«Басқұдық жалпы орта білім беретін мектебі» КММ
Искакова Санида Аминжановна
Қабылдау кестесі: сейсенбі, жұма 900 - 1200
Жұмыс телефонның номері: 8(71347) 28-0-20
Қысқаша өмірбаяны:
Искакова Санида Аминжановна 01.01.1974 жылы Ақтөбе облысы, Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Сарыбұлақ елді мекенінде дүниеге келген. Білімі жоғары, педагог-сарапшы. 2007-2010 жылы Ақтөбе гуманитарлық колледжін бітірді.
2011-2014 жылдары Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін "Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі" мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітірді.
Еңбек жолы:
1993 жылы Әйтеке би ауданы Мамыт орта мектебінде ұзартылған күн бағдарламасы бойынша оқытушы болып жұмыс жасады.
2009 жылы «Мөлдір бұлақ» балабақшасында әдіскер, психолог қызметін атқарды.
2020 жылдың қаңтар айынан бастап Әйтеке би ауданы, «Басқұдық ЖОББ» мектебінде бастауыш сынып пәндерінің мұғалімі қызметін атқарды.
2022 жылдан бастап директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары
2023 жылдан қосымша Басқұдық ЖОББМ-нің директордың уақытша міндетін атқарды.
2025 жыл - "Ақтөбе облысының білім басқармасы Әйтеке би ауданының білім бөлімі" ММ - ның 19.08.2025 жылғы №108 бұйрығына сәйкес Басқұдық жалпы орта білім беретін мектебінің директоры қызметіне 19 тамызынан бастап тағайындалды.
Марапатталуы:
2020 жыл - Daryn Online білім беру платформасы мен Qaztest.kz олимпиада сайты бірлесіп ұйымдастырған Республикалық бастауыш сынып мұғалімдерінің пәндік олимпиадасынан сертификат.
2020 жыл - «Балдәурен» Республикалық балалар мен жасөспірімдер саны ұйымдастырған 1 - 11 сынып оқушылары арасында өткен пәндік олимпиадаға оқушыларын қатыстырғаны үшін диплом.
2020 жыл Аудандық білім бөлімінің мақтау қағазы.
2020 - 2021 жыл - «Ахмет Байтұрсынов» атындағы Еуразиялық білім және ғылым дамыту қоғамдық қорының ұлттық білім орталығының ұйымдастыруымен өткен Республикалық «Абай» пәндік олимпиадасына оқушылары белсенділік пен зор ықылас танытып, білім саласының дамуына қомақты үлес қосқаны үшін алғыс хат.
2020 - 2021 жыл - Сізге ПОНИ® (Пайымда! Ойла! Нәтижеле! Игер!) Халықаралық байқауының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін сапалы дайындағаны үшін диплом.
2020 - 2021 жыл - Халықаралық «жние» байқауының (Пойми! Открой! Найди! Исследуй!) ұйымдастыру комитеті Баланың балғын ойын дамытып, қисынды ойлауға үйрететін ПОНИ байқауынан алғыс хат.
2020 - 2021 жыл - 2020 - 2021 оку жылындағы ерекше жетістігі, ел ертеңі жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие беру жолында аянбай еңбек етіп, жаңартылған білім мазмұны бойынша мақаласын жоғары деңгейде дайындағаны үшін диплом.
2022 жыл - Шағын жинақты мектеп директорының орынбасарлары мен мұғалімдеріне арналған «Педагогтерге мобильді көмек: әдістер мен тәжірибелер» тақырыбындағы семинарға қатысқаны үшін сертификат.
2023 жыл - Бастауыш сынып мұғалімдері арасында өткен облыстық педагогикалық олимпиадада II орын диплом.
2024 жыл - Бастауыш сынып арналған мұғалімдеріне облыстық олимпиада нәтижесі бойынша І диплом.
Қабылдау кестесі: Сәрсенбі 900 - 1300
Абдешова Тоты Зиноллаевна - оқу ісі жөніндегі орынбасары
Жұмыс телефонның номері: 8(71347) 28-0-20
Самиянова Ажар Еришовна - тәрбие ісінің орынбасары
Мұхамбетжанова Айдана Сәкенқызы - тәрбие ісінің орынбасары
Жұмыс телефонның номері: 8(71347) 28-0-20
Манапова Арай - медбике
Мұғалімдер саны: 24
Оқушылар саны: 98
Асхананың болуы: бар
Арнайы кабинеттер: биология, информатика, мультимедиялық, кітапхана, акт.зал,
Спорт зал: бар
Спорттық секциялар: футбол, волейбол, шахмат, күрес, теннис, қыздар футболы
Мектеп тарихы.
Басқұдық орта мектебінің іргетасы 1961 жылы қаланған. Сол жылы мектеп 8 жылдық болып, 1967 жылы 10 жылдық болып ашылған. 1968 жылы 1 - ші түлектері бітірген. 2007 жылы Басқұдық орта мектебінің жаңа ғимараты пайдалануға берілді. Жаңа ғимарат заман талабына сай салынған, оқушылардың толықтай білім алуына жағдай жасалынған.


